Бiз туралы
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.
Орталықтың негізгі міндеттері:
Қызметтер
Жаңалықтар
-
Жасыл аймақ
-
Антына адал ақ халатты - абзал жан
-
Шымкент қаласының ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтың эпидемиолог дәрігері оқу-әдістемелік көмек көрсету жұмыстарын жүргізді.
-
Шымкент қаласының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтың» МКҚК эпидемиолог дәрігерлері әдістемелік көмек көрсетті.
жаналықтар каз
16.11.2021 Шымкент қаласы Шымкент жоғарғы медициналық колледжінде «Теңсіздікті жою.ЖИТС ті тоқтату.Пандемияны аяқтау.»тақырыбында науқан өтті.
2021 жылдың 16 қарашасында Шымкент қаласы ДСБ-ның «ЖИТС тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» MKҚК-нің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 1-желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС пен күрес күніне орай «Теңсіздікті жою.ЖИТС-ті тоқтату.Пандемияны аяқтау.» ұранымен Шымкент жоғарғы медициналық колледжінде науқан өтті.Науқан барысында ЖИТС орталығының қызметкерлері Халық арасында АИТВ/ЖИТС инфекциясының алдын алу мақсатында келушілерге ерікті түрде жедел - тест жүргізіп,салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Жұмыс барысында тестіге дейін және тестіден кейінгі кеңес беріліп,ақпараттық танымдық материалдар таратылды.
#УслышатьКаждого#ӘрбірінТүсіну#toHearEveryone
Мақала авторы: дәрігер эпидемиолог Мусаев.И
Эпидемиолог комекшісі Елшібай.Ш
15.11.2021ж. 1 - желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС-пен күресу күніне орай «Индустриалды-техникалық колледжінде» науқан өтті.
2021 жылдың 15 қарашасында Шымкент қаласы «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы»-ның ұйымдастыруымен Индустриалды-техникалық колледжінің қызметкерлері арасында семинар және науқан өтті. Индустриалды-техникалық колледжінде «Теңсіздікті жою. ЖИТС-ті тоқтату. Пандемияны аяқтау» ұранымен өткізілген науқан барысында халықты салауатты өмір салтын ұстануға, АИТВ-инфекциясын алдын-алуға және өз денсаулығына ортақ жауапкершілікпен қарауға шақыру мақсатында түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды.
Науқан аясында ЖИТС орталығының қызметкерлері азаматтарды өз еркімен АИТВ-жұқпасына жедел-тест арқылы тексеріп, тестіге дейін және тестіден кейін кеңес берді.
Кездесуде барлық санитарлық - эпидемиологиялық талаптар сақталып, барша қатысушылар Ashyq қосымшасы арқылы кіргізілді.
Мақала авторы: Н.Жургенбаева.
#УслышатьКаждого#ӘрбірінТүсіну#toHearEveryone
15.11.2021 жылы Шымкент қаласы ДСБ-ң «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МКҚК-ң ұйымдастыруымен Үкіметтік емес ұйыдардың, атап айтқанда «Балаларды ЖИТС-тен қорғау» ҚҚҚ, «Ай-ана» ҚБ, «Заң талабы» ҚБ қызметкеркерлері, сонымен қатар «Жұмыспен қамту орталығының» аутрич-қызметкерлері арасында «АИТВ: Әрбірін түсіну» тақырыбымен семинар өткізілді. Семинар барысында АИТВ/ЖИТС туралы мәліметтер беріліп, ақпараттық материалдар таратылды.
#УслышатьКаждого#ӘрбірінТүсіну#toHearEveryone
15.11.2021 жылы 1-желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күніне орай Шымкент қаласы ДСБ-ң «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МКҚК-да «Заң талабы» ҚБ-і «Стигма и дискриминация людей, живущих с ВИЧ» атты тренинг өткізді. Тренингке Орталықтың мамандары, сонымен қатар халықтың «негізгі» тобымен жұмыс жасайтын үкіметтік емес ұйымдарға қарасты сенім бекеттерінің қызметкерлері мен аутрич-қызметкерлері қатысты. Іс-шара барысында «Заң талабының» заңгері мен психолог маманы түсіндірме жұмыс атқарып, қатысушылар арасында әр түрлі ойындар жүргізді. Тренинг соңында қатысушылар сұрақтар қойып, тиісінше жауаптарын алды. #УслышатьКаждого#ӘрбірінТүсіну#toHearEveryone